«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1360 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15642 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссия адамдардың тақ санынан (кемінде жеті адам) және дауыс беру құқығы жоқ Комиссия хатшысынан құрылады.»;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Комиссия төрағасы - гарнизон бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары;
2) Комиссия төрағасының орынбасары - гарнизон аудандық пайдалану бөлімінің бастығы;»;
3) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Комиссия хатшысы - гарнизон аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) әскери қызметшісі (азаматтық персонал).»;
6-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) тұрғынжай алған адамдардың тізімін олардың кезектілігін көрсетіп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтиды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: